Жұма, 31 қаңтар, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Сырдарияда жаңа бу газ қондырғысы салынады

31.01.2025

62 0

Өткен жылы құны 1 млрд. теңгеге Сырдария ауданындағы Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдары газдандырылып, аудан халқын табиғи газбен қамту деңгейі 45 пайызға жетті. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Шаған және Нағи Ілиясов ауылдарына құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Елді мекен тұрғындары биыл табиғи газдың игілігін көретін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан халқын газдандыру деңгейі 61 пайызға жетеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 1100 мегаваттық жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынады, оған 270 гектар жер бөлінді. Жоба нәтижесінде ауданымыздың экономикасын дамытуға септігін тигізеді, – деді аудан басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: