Жексенбі, 15 наурыз, 17:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде

15.03.2026

45 0

Фото: Сырдария ауданы

Сырдария ауданында автоволонтерлер референдум күні қарт адамдарға және сайлау учаскесінен шалғай жатқан азаматтарға ерекше қолдау көрсетіп, оларды дауыс беру учаскелеріне тегін тасымалдауда.

Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде


Жастар өз көліктерімен тұрғындарды сайлау орындарына жеткізіп, олардың азаматтық борышын орындауына мүмкіндік жасап отыр. Мұндай бастама әсіресе көлігі жоқ немесе қозғалысы шектеулі тұрғындар үшін маңызды болып саналады.

Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде


– Елге қызмет көрсету, көмектесу, елжандылық таныту – біздің басты міндетіміз. Әркез қоғамдық маңызы бар шараларда, ел болашағы үшін жасалып жатқан саяси науқандарда осындай бастамаларды жалғастырып, қоғамға өз үлесімізді қосамыз, – дейді автоволонтерлер жетекшісі Н.Сейтжан.


Бұл әрекет тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуына септігін тигізіп, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің нығаюына үлес қосуда.

Сырдариялық автоволонтерлер тұрғындарға дауыс беруге көмек көрсетуде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: