Жұма, 23 мамыр, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

 Табиғатқа жанашыр болайық

23.05.2025

92 0

Табиғатты қорғау – тек экологтардың ғана емес, әрбір азаматтың басты міндеті. Себебі қоршаған орта – адамзатқа қажетті тіршілік көзі. Ауа, су, жер, орман, жануарлар әлемі – табиғаттың тарту еткен баға жетпес байлығы. Алайда оны дұрыс пайдалана алмасақ,зардабын кейінгі ұрпақ көреді.

Өкінішке орай, қазіргі заманда табиғатқа жасалып жатқан зиянды әрекет күннен-күнге көбейіп келеді. Орманды отау, өзен-көлді ластау, сирек жануарларды заңсыз аулау экологиялық апатқа алып келуде. Бұл тек табиғатқа емес, адамзаттың денсаулығына да тікелей қауіпті.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін табиғатты сүйіп, аялау қажет. Мысалы, көшеде қоқысты арнайы орынға тастау, суды үнемдеу, ағаш отырғызу сынды қарапайым әрекеттің өзі үлкен өзгеріске бастайды. Ең бастысы – ниет пен жауапкершілік керек.

Жастар табиғатқа жанашыр болуды мектеп қабырғасынан үйренуі тиіс. Себебі олар – ертеңгі күннің иесі. Егер жас ұрпақ табиғатқа деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп өссе, болашақта экологиялық мәселе азаяр еді.

Табиғатты қорғау – бір күндік әрекет емес, ол өмір салтына айналуы тиіс. Әр адам осы бағытта өз үлесін қосса, келешек ұрпаққа көркейген, таза әрі тұмса табиғатты аманаттай аламыз.                                                                                 

                                                                                             Ақжүніс БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ,

                                                          Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                                             Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: