Сейсенбі, 19 қараша, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ережелері өзгерді

18.10.2024

99 0

Бүгінде облыста табиғи монополияның 34 субъектісінің қызметі мен қоғамдық маңызы бар 4 нарық субъектілеріне тарифтік реттеу және баға белгілеу жұмыстары жүргізіледі. Былтырдан бастап меншік иелерінің есебінен саланы инвестициялауға бағытталған жаңа тарифтік саясат енгізілді.

Бағдарлама аясында инженерлік желілер мен жабдықтардың тозуын төмендету, қызметкерлердің жалақысын арттыру, саланы алдыңғы қатарлы инновацияларға бейімдеу көзделген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Егембергенов айтты.

– 2023-2024 жылдар ішінде Қызылорда облысында коммуналдық салалардағы табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары қайта қаралып, 2 жылға инвестициялардың жалпы сомасы бекітілді. Мәселен, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның өткен жылғы инвестициялық бағдарламасы желілердің тозу деңгейін 68 пайыздан 65,5 пайызға төмендесе, биыл тозу деңгейін 64,08 пайызға дейін төмендейтін болады.

Ал, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның желілердің тозу деңгейі 44,87 пайызға төмендесе, биыл көзделген 41,84 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Биыл облыс орталығындағы вокзал маңының бөлігі мен өңір разъездеріндегі тұтынушыларды сумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Қзыл-Орда» ЖШС-нің 55,13 пайызға дейін төмендетеді. Айта кету керек, 2029 жылға дейін тозу деңгейін 15-20 пайызға төмендету мақсатында тиісті жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері 2025 жылға тартылатын инвестициялардың мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде,- деді Айбек Асылханұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: