Бейсенбі, 19 маусым, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Табыс 162 миллион теңге: Абай Бегейдің қызы заңсыз лотерея ойнатты деген күдікке ілінді

19.06.2025

91 0

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова заңсыз лотерея ойнатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақтау қаласында ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігімәлім етті.

“Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған”, –делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазір күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Stan.kz тілшісі қызының мәселесі бойынша әкесі, әнші Абай Бегеймен байланыса алмады. Алайда көмекшісі жауап берді. 

“Абай ағамен Шымкентте концертте жүрміз. Демалып жатқасын телефонын өшіріп қойды. Хабарды естіп жатырмыз. Ұсталатындай түрмеге қамалған жоқ. Органдардан тек ескерту берілді. Қазір бала-шағасымен үйінде. Халық шулап кететіндей мәселе жоқ”, – деді әншінің көмекшісі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: