Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тәрбие тағылымы отбасы құндылығында жатыр

02.08.2022

1316 0

Өткен аптада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Осы күнге дейін байқауға 1700-ге жуық отбасы өтінім беріп, оның 178-і қатысуға жолдама алған. «Достық» үйінде ұлттық байқаудың облыстық жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жеңімпаздарды құт­тықтап, елімізде отбасы институты әрқашан ерекше құрмет пен қолдауға ие болатынын жеткізіп, шаңырақтың түтінін түзу ұшырып, береке сыйлаған отбасыларға құрмет көрсетті.

– Қазақ халқы үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Отбасының бірлігі – отанның бе­ріктігі, ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы, ұлттық тәрбиенің, адамгершілік пен иман­дылықтың бастау бұлағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әрбір отбасын сақтау – отаны­мыздың берік болуының кепілі. Олардың әрқайсысына тұтастық пен татулықтың дәстүрін ор­нықтыруымыз керек», – деп айт­қан болатын. 2014 жылдан бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы құн­дылықтары мен қазақ үшін қашанда киелі саналатын бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда орны ерекше, та­ғы­лымды шара. Бұл байқауға қатысқан от­басы­лардың барлығы да – нағыз мерейлі жеңімпаздар», – деді аймақ басшысы.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойын­ша жалағаштық Маштаевтар отбасы жүлделі ІІІ орынды, Шиелі ауданынан қатысқан Рыспембетовтер әулеті ІІ орын­ды иеленді. Жүлделі І орын­ды Қызылорда қаласының Ермановтар әулеті иемденсе, шие­лілік Байжановтар отбасы бас жүлдеге лайық деп танылып, ел­ордадағы республикалық сайыс­қа өңір атынан жолдама алды.

Облыс әкімі жеңімпаз атанған отбасыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс­тады.

Сондай-ақ байқауға белсенді қатысып, ұлттық құндылық пен отбасы мерейін жоғарылату ба­ғытындағы өнегесін көрсете білген отбасылар арнайы ата­лымдарымен марапатталды. Атап айтқанда, қазалылық Сүлей­ме­новтер әулеті «Өнерлі отбасы», қармақшылық Бердібаевтар жан­­ұясы «Өнегелі отбасы», қар­мақ­шылық Шамшатовтар әулеті «Үлгілі отбасы», жалағаштық Бекниязовтар шаңырағы «Берекелі отбасы», аралдық Сыдықовтар әулеті «Талант тұғыры отбасы», сырдариялық Есенхожаевтар әулеті «Озат отбасы», жаңа­қор­ғандық Төлегеновтер жан­ұясы «Толағайлар отбасы» номи­на­цияларымен және арнайы жүлде қорымен марапатталды.

А.БЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: