Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің бейнебақылау камералары түсірген видео пайда болды. Кадрларда мекеме қызметкері балаларға дөрекі қарым-қатынас жасап, жұлқылағаны көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеоны Telegram Egov.Press арнасы жариялады. Кадрларда балалар үйінің қызметкері кішкентай балаларды жұлқылап, сүйреп жатқаны көрсетілген. Ал бесікте жатқан басқа сәбидің үстіне оны басынан аяғына дейін толық жауып тұратындай көрпе лақтырған.
Бүлдіршін қорқып қолдары мен аяқтарын қимылдатып көрпені кері аша алмай жатқаны бейнеленген. Облыстық полиция департаменті бұл жерге тәртіп сақшылары шығып үлгерді деп жауап берді.
«Бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркелді, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!