Жексенбі, 24 қараша, 08:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды соққыға жыққан

30.10.2024

432 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Бас прокуратура Павлодардағы әлеуметтік мекемесінде мүгедектігі бар балалардың соққыға жығылғаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz.  

Павлодар облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру жалғасып жатыр, оның аясында қадағалау органы зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттердің қаупі бар «тәуекел аймағындағы» балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізіп жатыр. 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиешінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққанын анықтады.  

Бұл – денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, ол полиция департаментіне тапсырылды.

Тексеру жалғасып жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: