Жұма, 27 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі

19.12.2022

597 0

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында  егемендігімізге үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым ретінде «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Кешке ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі, ақын Тұрар Бекмырзаев және Тәуелсіздіктің құрдасы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі,  Ғ.Мұратбаев атындағы тұғыш жастар сыйлығының лауреаты,  ақын Гүлдәрі Тасболатқызы қатысты.

Шара барысында кеш қонақтары сан ғасырлар бойы азаттық жолында күрескен тұлғалардыңқаһармандық үлгісін көрсеткен ерліктері жайлы айтып, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресін, қол жеткен жетістіктерін поэзия тілі арқылы жеткізді.

Өлең – сөздің патшасы» дейтін болсақ, бүгінгі кеште патша қызмет етті. Тәуелсіздік жырлары – әр адамға күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем. Елдің мұңында, қуанышында жеткізуде ақын осы поэзияға жүгінеді. Бұл – біздің кешегі тарихымыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрдайым биік болсын, – деді Т.Бекмырзаев.

Сонымен қатар өлеңге құштар белсенді жастар желтоқсан оқиғасына, Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған өлеңдерін оқып, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің  түлегі Ж.Ешмұратов  Тәуелсіздікке арнаған «Ер-Тұран» авторлық күйін орындап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: