Сәрсенбі, 01 қазан, 16:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Тағайындау

01.10.2025

54 0

Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды. Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.

Тағайындау

Ділмұхамед Мнуарбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Тау-кен инженері», Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтын «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Сырдария Мұнай» АҚ-ның бұрғылаушысы болып бастаған. 2001-2016 жылдары «Харрикейн Құмкөл Мұнай» ААҚ оператор болып жұмыс істеген және түрлі кәсіпкерлік салаларында қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап «Далатекс» серіктестігінің директоры. Қалалық мәслихаттың 7 және 8-ші шақырылым депутаты болды.

Ділмұхамед Мнуарбекұлы «Байқоңыр» ӘӘК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрағасы, «Qaz Textile Industry» өзін-өзі басқару ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы, Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығының бақылау кеңесі төрағасы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.

2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Тағайындау
Тағайындау

Ділмұхамед Мнуарбекұлы кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдеріне жетекшілік жасайтын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: