Дүйсенбі, 25 қараша, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Тағы екі банк зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша оператор атанды

26.01.2021

6620 0

Бұған дейін «Отбасы банк» (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосқан. Қазақстанда тағы екі банк арқылы зейнетақы жинақтарын алуға өтінім қабылдайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Altyn Bank» пен «Банк ЦентрКредит» компанияларының өзара іс-қимылы туралы келісімдер жасасты. Аталған қаржы ұйымдары қазақстандықтардан зейнетақы жинақтарын алуға өтінімдер қабылдай алады.

Айта кетейік, 23 қаңтардан бастап «Отбасы банк» (бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) зейнетақы жинағын пайдалануға өтініш қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасын іске қосты. Бір реттік зейнетақы төлемін алуға арналған арнайы шотты Halyk Bank арқылы да ашуға болады.

«Келісім уәкілетті оператор мен БЖЗҚ арасында бір реттік зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару және қайтару мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және ақпарат алмасу тәртібін, сондай-ақ, ақпараттың құпиялылығын сақтау жөніндегі шарттар мен міндеттемелерді қоса алғанда, тараптардың міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды», – деп нақтылады БЖЗҚ.
БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың ақпараттық жүйелерінің біріктірілуі «электрондық үкімет» веб-порталындағы интеграциялық сервис арқылы жүргізіледі.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан бір реттік зейнетақы төлемдерін алу үшін салымшылардың уәкілетті оператордың интернет-ресурсында электрондық өтініштер толтырады.

Бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсатын және мақсатты пайдалануға жіберілетін қолжетімді соманы көрсетеді.

«Уәкілетті оператор салымшылардың өтініштерін қарап, оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ, бір реттік зейнетақы төлемдерін қордан уәкілетті операторда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына аудару бойынша БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылдар жүргізіп, бір реттік зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуына мониторинг жасайды», – делінген қор таратқан ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: