Сейсенбі, 23 желтоқсан, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Такси жүргізушісі зейнеткерді алаяқтардың арбауынан құтқарып қалды

23.12.2025

54 0

Фото: pexels

Павлодар қаласының зейнеткер тұрғыны өзін энергоорталықтың қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың арбауына түсе жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, есептегішті тексеру және пломбалау жүргізіледі деген сөзге сенген әйел жіберілген сілтемелер арқылы өтіп, қылмыскерлерге 8,5 млн теңге бермек болған.

«Алаяқтар алдымен зейнеткерге қоңырау шалып, өздерін энергокомпания қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар есептегішке тексеру жүргізу үшін сервистен келген кодты айту қажет екенін жеткізген. Күмәнданбаған әйел аталған кодты хабарлаған. Арада біраз уақыт өткен соң оған өзін банк қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар хабарласып, алаяқтар оның ақшасын иемденбек болып жатқанын айтып, қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін жеткізген. Сонымен қатар сол күні курьер келіп, ақшаны алып кететіні де айтылған»,- делінген ақпаратта.

Зейнеткер ойланбастан есепшотынан 8,5 млн теңге шешіп алып, әрі қарайғы нұсқауларды күткен. Кейін қоңырау шалғандар ақшаны такси жүргізуші арқылы беру керектігін тапсырған. Алайда алаяқтардың жоспары такси жүргізушінің қырағылығының арқасында жүзеге аспай қалды.

«Кешкі уақытта маған бір «сәлемдемені» алып кету жөнінде тапсырыс түсті. Барсам, жөнелтуші жасы үлкен әжей екен. Не беріп жатқанын, кімге тапсыратынын сұрағанымда, нақты жауап бере алмады, қатты абыржып тұрды. Күдіктеніп, әжейді таксиге отырғызып, полиция пунктіне апардым. Бұған дейін полиция қызметкерлері осындай алаяқтық схемалар туралы ескерткен еді», дейді такси жүргізуші Алексей Бортовой.

Осылайша кейуана алаяқтардың арбауынан аман қалған.

«Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында жедел іс-шаралар жүргізілуде»,- дейді Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: