Қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен қала аумағында құрылыс қалдықтарын тастау, ластау және нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген тексеруінде жеке және заңды тұлғалардың құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттары, құрылыс қалдықтарын бейберекет төгуі, қоршаудың талапқа сай орнатылмауы секілді бірнеше фактілер анықталып, әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергендерге айыппұл салынды.
Тұрғындарға және кәсіп иелеріне қала тазалығын сақтау баршаға ортақ талап екендігін ескертеміз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
