Қала тазалығын сақтау – баршаға ортақ іс. Дегенмен, оны ұғынбай, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары әлі азаймай тұр. Осыған орай, тұрғындарды тазалық тәртібіне және мәдениетіне шақыру бойынша қадағалау күшейтіліп, рейдтік шаралар күнделікті жүргізілуде.
Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қала аумағында құрылыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастап, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Бірлескен рейд барысында кәсіпкерлерге, тұрғындарға түсіндірме жүргізілді. Айта кету қажет, рұқсат етілмеген, арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу, құрылыс материалдарын көше бойына қою, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
