Қала әкімдігі жанындағы жұмысшы топ санитарлық тазалық пен белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасау бойынша рейд жүргізді.
Аралауда “Универсам” аумағында белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасап, тазалық талаптарын сақтамағандар анықталды. Аталған жағдай бойынша талаптар түсіндіріліп, ескертулер жасалды.

Тұрғындарға және кәсіп иелеріне тазалықты сақтап, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға шығару, абаттандыру талаптарын орындау, сонымен қатар белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасамау қажеттілігін ескертеміз!



Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!