Дүйсенбі, 14 сәуiр, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Талғар әкімі TikTok жұлдызына айналды

11.04.2025

394 0

Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы TikTok-тың белсенді пайдаланушы болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік бұл әлеуметтік желіні көбіне көңіл көтеру үшін пайдаланса, әкім оны жұмыс құралына айналдырған.

Арыстанбек Әбілқайырұлы жұмыс сапарларынан бейнежазбалар түсіріп, тұрғындардың өтініштері мен ескертулеріне жауап беріп, шағымдар бойынша өзі оқиға орнына барады.

Мұндай белсенділік пен тұрғындармен тікелей байланыс қазақстандықтарды таңғалдырды:

«Міне, азамат! Осылай жалғастырыңыз, халыққа жақынсыз, тығылып жүрмейсіз. Сонда ғана тәртіп орнайды».

«Шынымен бе? Әкімнің өзі барып, мәселе шешіп жүр ме? Бұл бір жаңалық қой. Егер рас болса, жарайсыз! Тамаша үлгі».

«Халықпен сөйлесіп жатқанның өзі – алғыс айтуға тұрарлық».

« Шынымен әкім бе? Фейк емес пе? Өте керемет! Бар жақсылықты тілеймін!»

«Елестетіп көріңізші, егер барлық әкімдерде TikTok болып, халықпен осындай байланыс орнатса. Талғар, бүкіл Қазақстан сізге қызығып отыр».

«Бұл – жаңа дүние, міндетті түрде лайк. Бұрын әкімдер туралы видеоларды тек әзілкештер түсіретін».

«Құрметті әкім! Мүмкін бізге көшіп келіп, біздің әкім боларсыз?»

Алайда әкімнің белсенділігін пайдаланып, кейбір тұрғындар өз наразылықтарын да білдірді:

«Бес жылдан бері сұрап келеміз, нәтиже жоқ. Қоңырау шалсаң да, жазсаң да, жауап жоқ».

«Тұрғындардың сөзінше, ол ешқайда бармайды».

«Грейдер кішкентай ғана үйіндіні тегістеп кеткен, болды. Ағаштарды кесіп тастады, қоқыс қалды, бұтақтар бір аптадан бері жатыр».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: