Үстіміздегі жылдың 15 желтоқсан күні өңірімізге Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Тамара Қасымқызы Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында болып, орталықтың қызметімен танысты.
Орталық басшысы Мейрамбек Жақсылықұлы қызмет алушыларға
7 бағытта көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтермен таныстырып, орталық мамандарының жұмыс нәтижелерін көрсетіп, алдағы атқарылатын жоспарларын атап өтті. Тамара Қасымқызы орталық қызмет алушыларының ән, билерін тамашалап, қызметкерлердің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!