Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тамыз айынан бастап баланың денсаулық паспорты электронды форматқа ауыстырылады

19.07.2024

592 0

Сурет: gov4c.kz

2024 жылдың тамыз айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі баланың денсаулық паспортын электронды форматқа көшіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның хабарлауынша, жыл сайын 380 мыңнан астам баланың ата-анасы бірінші сыныпқа қабылданған кезде осы құжатты өткізеді. Дәл осы қағаз нұсқа деректердің жоғалуына және емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі құжатты электронды форматқа көшіру туралы шешім қабылдады.

«Электрондық төлқұжатты eGov Mobile-мен интеграциялауды аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2024 жылдың тамызы», – делінген хабарламада.

Жаңашылдықтың нәтижесінде мектептер өз оқушыларының денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жылдам ала алады. Емханаларда медициналық тексеруден кейін ақпарат автоматты түрде беріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: