2025 жылғы тамыз айында қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді. Осылайша мемлекеттік мерекеге орай отандастарымыз үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атап айтқанда:
- 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түседі. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, мереке демалыс күніне сәйкес келсе, демалыс келесі жұмыс күніне, яғни дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады.
- Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз күндері мен 1 қыркүйекті қоса алғанда қатарынан үш күн демалады.
Сонымен қатар тамыз айында дәстүрлі сенбі-жексенбі демалыстарын есепке алғанда, жалпы 10 демалыс күні болады.
2025 жылғы тамыздағы демалыс күндері:
- 2–3 тамыз (сенбі-жексенбі);
- 9–10 тамыз (сенбі-жексенбі);
- 16–17 тамыз (сенбі-жексенбі);
- 23–24 тамыз (сенбі-жексенбі);
- 30–31 тамыз (сенбі-жексенбі).
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!