Жұма, 27 желтоқсан, 05:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Таңғажайып жағдай: 51 жастағы әйел егіз босанды

04.08.2023

593 0

Алматыда №2 перинаталдық орталықта 51 жастағы әйел егіз босанды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Орталық директорының орынбасары Қымбат Әбдірайымованың айтуынша, жасанды ұрықтандыру арқылы әйел осы жасында көптен күткен сәбиін дүниеге әкелген.

Әйел орталыққа жоспарлы түрде түскен, соған орай тиісті дайындық шараларынан кейін кесарь тілігі жасалған.

«Ота қиындықсыз, сәтті өтті. Салмағы 2589 грамм болатын қыз және 2345 грамм болатын ұл туды. Бақытты ананың жағдайы жақсы, ал егіздің дені сау болып өмірге келді», – дейді маман.

Операциядан кейін ана мен сәбилер дәрігерлердің бақылауында болған. Ал босанғаннан кейін төртінші күні әйелдің жағдайы жақсы болуына, шағымы жоғына, клиникалық-зертханалық деректердің қалыпты көрсеткіштеріне байланысты үйіне шығарылған.

«Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. 50 жылдық сәтсіз әрекетім аяқталды. Жасанды ұрықтандыру процесін мұқият тексеріп, барлық қауіпті анықтағаннан кейін бастадым. …Ана болғаным үшін Алла тағалаға ризамын. Медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын, олардың үлесі баға жетпес. Сіздерге рақмет, ақ халаттылар», – дейді әйел.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: