Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал актриса тойының алдында суға батып кетті

03.12.2024

580 0

Фото: oceanfdn.org

Актриса бірнеше күннен соң өтетін үйлену тойына дайындалып жүрген. 24 жастағы ресейлік актриса Камилла Беляцкая Таиландтағы Самуи аралында суға батып кетті. Йогамен айналысып жатқан актрисаны теңіз толқыны шайып кеткен. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Камилла Самуиге болашақ жарымен бірге барып, тойды сол аралда өткізуді жоспарланған. Жұп тіпті той алдындағы фотосессияны да жасап үлгерген.

Ал қайғылы оқиға болатын күні Камилла Lad Ko Viewpoint алаңына барған. Бұл актрисаның сүйікті орны екен. Көлігінен йогаға арналған кілемшесін алып, толқындардың жанында жаттығып жатқан. Кенеттен алып толқын бойжеткенді суға алып кетті. Бұл сәт видеоға да түсіп қалыпты. Кадрдан оның жартастардың үстінде айналасына қарап отырғанын көруге болады.

Құтқарушылар оқиға орнына 15 минуттан соң жеткенімен, оны таба алмаған. Судан бойжеткеннің кілемшесі ғана анықталды.

Іздеу жұмыстары күні бойы жалғасып, түнде ғана тоқтатылған. Екінші күні қайта жалғасқан. Алайда актрисаның денесі араға екі күн салып қана табылды.

Куәгерлер оны құтқармақ та болыпты, тіпті солардың бірі суға секірген, әзірге оның тағдыры белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: