Сенбі, 23 қараша, 00:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Танымал құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

11.10.2022

689 0

Қазақстан президенттігіне тағы бір әйел адам өз кандидаттығын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталы сайлау комиссиясының хабарлауынша, танымал құқық қорғаушы әрі қоғам белсендісі Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылды. 

Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.

Айта кетсек, 8 қазанда президент сайлауына қатысу үшін Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты қосқанда, сайлауға қатысатын 6 кандидатты тіркеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: