Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Танымал тамада әйелін ұрып, аяғына пышақ тығып алған

18.06.2024

822 0

Сурет: masssaget.kz

Танымал тамада әйелін ұрып, аяғына пышақ тығып алған. Жантүршігерлік жағдай туралы жәбірленушінің туысы әлеуметтік желіде бөлісті. Десе де күдікті тағылған айыптың бәрі «жала» деп отыр. Күрмеуі көп оқиғаның жай-жапсарын Massaget.kz  анықтап көрді.

«Бұл суретте менің тәтем! Герой Р. мырза өз әйелін ұрып соғып, пышақ тықты! Бишімбаев 2 екен! Бұндай жағдай бірнеше рет қайталанды! Осындай жауыздар халық арасында қалай жұмыс жасайды? Әншейін беті жылтырап жүреді халық ортасында, бірақ өз отбасысына келгенде жауыздың дәл өзі! Учасковый көріп тұрса да тағы пышақ алып жүгірген!», – дейді мән-жайды хабарлаған жәбірленушінің сіңілісі.

Оқиға шамамен 20 күн бұрын орын алған. Күдікті, әйелді соққыға жығып, аяғына пышақ тығып алыпты. Тіпті ортаға учаскелік полиция араласса да, күдікті айылын жимапты. Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне арызды жәбірленушінің анасы қалдырған. 

Іске қатысты Жаңақорған аудан, Сүтті ауылының учаскелік полицейі пікір білдіруден бас тартты. Дегенмен, жәбірленушінің сіңлісі істің «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша қозғалғанын жеткізді.

Десе де, бізге, күдіктімен тілдесуге мүмкіндік туды. Ол отасқанына 3 жыл болған жұбайына ешқашан қол көтермегенін жеткізді. Тіпті ұсынылған суреттердегі үй «менікі емес» дейді.  Бірақ, іс жайлы тереңірек қазып сұрағанымыз да күдікті «менің жазығым жоқ» деген сарында жазған жауаптарын дереу өшіре бастады. Сөзін «сот шешімін күтейікпен» түйді.

Туысқандарының айтуынша қазір әйелдің жағдайы жақсы. Олар, кінәлі адам жазасын алса екен дейді. Сот процесі жүруде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: