Бейсенбі, 07 қараша, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Танымал тележүргізушіге Қазақстанға кіруге тыйым салынды

22.01.2024

489 0

Сурет: stan.kz

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте журналистер министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтан Ресейлік журналист Тина Канделакидің мәлімдемесіне Қазақстанның қалай қарайтынын сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакидің мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланғанын атап өтті.

«Осындай мәлімдеме жасағандардың бәріне жауап қайтара берсек, өзімізді ұмытып кетеміз. Ішкі мәселеміз жетіп артылады, соған тоқталайық. Олардың әрқайсысына мән берсек, бізге уақыт жетпейді. Ең өкініштісі, бұл көрші ел. Біздің достарымыз Қазақстан туралы жақсы білмейді. Өйткені олардың біз туралы ақпараттары дұрыс емес. Әлеуметтік желіде жанжалға түскенше, жұмысты жалғастырайық», – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Канделакиға Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейтінін айтты. 

«Біреуді ұнатпасаң үйіңе кіргізбейсің. Біз де солай істейміз. Қажет болса шара қолданылады. Бүгін-ертең жасамады деп ренжімеңіздер. Мемлекет мұны ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келмейді, келсе де кірмейді», – деді Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр» деп айыптаған еді. Оның бұл айыптауына журналист Динара Сәтжан жауап берген болатын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: