Сәрсенбі, 23 шiлде, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Танымал журналист әкімнің орынбасары болды

23.07.2025

87 0

Танымал журналист Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі”, – делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған. 

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.

2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2022–2023 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары

2023–2024 — «Qazcontent» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымдарында болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: