Сейсенбі, 19 тамыз, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

«Таныстарым бар». Студенттерді грантқа ауыстырамын деп алдаған алаяқ ұсталды

19.08.2025

59 0

Астана қаласында полиция қызметкерлері 33 жастағы әйелді қолға түсірді. Ол студенттерді ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауыстырамын деген уәдемен бірнеше отбасының қаржысын иемденген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тергеу дерегінше, күдікті өзін беделді таныстары бар адам ретінде көрсетіп, студенттер мен олардың ата-аналарының сенімдеріне кірген.

Ол «мәселені шешіп беретінін» айтып, ақшалай сыйақы талап еткен.

Ата-аналар балаларын грантқа ауыстыру үшін соңғы жинақтарын берген. Кейбірі тіпті қарызға ақша алып, тағы біреуі ақша жинау үшін тұрмыстық заттарын да сатқан.

Алайда уәде орындалмаған. Не грант жоқ, не ақша қайтарылмаған.

Әйел жұмысынан шығып, байланысқа шықпай кеткен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 800 мың теңге болған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір күдіктінің өзге де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деп хабарлады Астана қ. ПД баспасөз қызметі.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырып, мемлекеттік грант тек білім нәтижесіне қарай және заң аясында ғана берілетінін ескертеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: