Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда бюджет қаражатының игерілуі және негізгі макрокөрсеткіштердің уақытылы орындалу барысы қаралды. Жиында көтерілген мәселе бойынша қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұржан Ахатов алдағы міндеттерді пысықтады.
Мәжілісте шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды әлде де ширатып, әлеуметтік-экономикалық дамудың макрокөрсеткіштерін нақты орындау маңызды екенін айтты.

Қазір жылдық меженің үш тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарды бағалап, жылдың соңына дейінгі міндеттерді нақтылайтын маңызды кезең. Экономикалық өсімнің, бюджеттік түсімдердің, инвестициялық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалу деңгейі қала дамуының айнасы. Сондықтан бүгінгі отырыста негізгі салалар бойынша қол жеткізілген нәтижелер мен кемшіліктерді саралап, жыл соңына дейін орындалуы тиіс шараларды айқындауымыз қажет,-деді Нұржан Сәбитұлы.


Бюджет қаражатын игеру де күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Жиында қаржы игеруде төмен көрсеткіштерге жол бермеу керектігі айтылып, жауаптыларға талдау жасау тапсырылды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!