Бейсенбі, 07 қараша, 14:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Таразда 19 жастағы жігіт балаларға оқ атқан – үшеуі ауруханаға түсті

20.04.2021

2181 0

Тараз қаласында кәмелет жасқа толмаған үш балаға бытыра мылтықтан оқ атылды. Үшеуі де шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер үш балаға да дереу ота жасалғанын жеткізді. Екеуі 16 жаста болса, үшіншісі 17-ге толған. Барлығы бір мектепте оқиды. Оларға 19 жастағы ер адам оқ атқан. Оқиға Шолдала саяжай алқабында болған. Полиция күдіктіні ұстады. 

«Тараз қаласының полиция басқармасына кәмелетке толмаған үш жасөспірімнің оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды», – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде балалардың жағдайы қалыпты. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайын тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды, деді полицейлер.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: