Сәрсенбі, 02 сәуiр, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23,2136
01.04.2025
PDF мұрағаты

Тартылған етке малдың тұяғын қосып сатқан

31.03.2025

279 0

Фото: pixabay. сom

Елордалық полицейлер жүргізген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында Астанада санитарлық талаптарға сай келмейтін, жасырын жұмыс істеген ет өңдеу цехы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру нәтижесінде 47 жастағы азаматтың ет өнімдерін заңсыз жолмен өңдеп, сату мақсатында әрекет еткені белгілі болды.

Полиция мәліметінше, күдікті өндірілген өнімнің көлемін көбейту үшін шамамен бір тонна ірі қара малдың аяқтарын өңдеп, оларды тартылған етке қосқан. Арнайы тексеру кезінде цехтан 1300 мал аяғы, бас сүйегі бар тұтас сойылған дене, шамамен 100 келі ет пен түрлі қалдықтар табылып, тәркіленді.

Барлық тәркіленген өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Бұл әрекеттің заңсыз екені дәлелденген соң, өндіріс иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Полицейлер мұндай өнімдер ветеринарлық бақылаудан өтпегендіктен, тек қылмыстық сипатта ғана емес, адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: