Бейсенбі, 08 қаңтар, 00:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Тас жолдардағы шектеулерге байланысты Астанаға қарай қосымша пойыздар қатынайтын болды

06.01.2026

90 0

Фото: Zakon.kz

Тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша электр пойыздарды жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды тағайындады.

Атап айтқанда, Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана станциясына дейін жолаушыларды отырғызу үшін төмендегі пойыздар қатынайды:

  • № 6830 «Көкшетау – Астана»;
  • № 7508 «Көкшетау – Астана». 

Бұған дейін Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға шұғыл ескерту жасап, қолайсыз ауа райына байланысты кейбір рейстер белгіленген мерзімінен кешігетінін хабарлаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: