Кеден Одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сәйкес сауда айналымындағы барлық өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттары және осы өнімдер айналысының қадағалануын қамтамасыз ететін тауарлық ілеспе құжаттарының болуы міндетті.
Алайда бүгінгі күні бірқатар кәсіпкер тарапынан аталған талапты бұзу фактілері орын алуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарсыз саудаланып жатқандығы туралы қызметтік хаттар түсті. Соның негізінде ҚР ӘҚБтК 802-бабын басшылыққа ала отырып, 3 жеке кәсіпкерлік субъектісіне ӘҚБтК-нің 203-бабымен қысқартылған тәртіпте хаттама толтырылып, 45 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарушы ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы мемлекеттік және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сату фактісі анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабы бойынша «Тауарларды құжаттарсыз сату» әрекетіне қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын еске салады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды құжатсыз сату фактілері орын алған жағдайда шағын кәсіпкерлікке — 45 АЕК, орта кәсіпкерлікке — 70 АЕК, ірі кәсіпкерлікке — 150 АЕК айыппұл көзделген. Аталған құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл көлемі екі есеге дейін өседі.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кәсіпкерлерді өнім айналымында заң талаптарын қатаң сақтауғашақырамыз және тұтынушыларға сатып алатын тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуына аса назар аудару қажеттігін еске салады.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!