Сәрсенбі, 05 қараша, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

«Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» атты кездесу өтті

05.11.2025

50 0

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатты аялауға бағытталған бастамалар қоғам назарында ерекше маңызға ие. Осы орайда Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығында «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» тақырыбында жастармен ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды.

«Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» атты кездесу өтті

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау болып табылады.

Іс-шараға қала жастары, еріктілер, студенттер мен белсенділер қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы экологиялық жауапкершілік, экотуризмді дамыту, жасыл аймақтарды көбейту және табиғатты қорғау мәдениетін жастар арасында кеңінен дәріптеу мәселелері талқыланды.

Шара спикерлері – Жорабек Медет және Абзал Жолтерек өз сөздерінде қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, экологиялық мәдениеттің әр адамның жеке өмір салтындағы орнына назар аударды. Олар экологиялық мәдениет — тек табиғатты қорғау емес, ол азаматтық жауапкершілік пен болашақ ұрпақ алдындағы парыз екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқан жастар экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдіріп, табиғатты қорғауға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, экологиялық акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыру, қалада жасыл желектерді көбейту, пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған бастамалар жөнінде ортақ жоспар талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы екенін атап өтіп, экологиялық мәдениетті дамыту бағытында бірлескен іс-қимылдар жасауға уағдаласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: