Сейсенбі, 29 сәуiр, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Таза Қазақстан: Полиция департаменті тазалыққа шақырады

29.04.2025

155 0

Аймақта облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” жобасы аясында профилактикалық іс-шара өтті. Шараның мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындар арасында тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру.

Акция барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер қала аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, халыққа экологиялық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін облыстық полиция департаменті жергілік полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Рауан Әлдешов баяндады.

– Бұл іс-шарадағы полиция қызметкерлерінің басты міндеті — ортақ пайдаланудағы орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс орындарын және олардың пайда болу себептерін анықтау мен алдын алу болып табылады. Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда стихиялық қоқыс тастайтын орындарды және олардың пайда болу себептерін анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері осы бағытта барлығы 5051 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталған. Қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табады. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырамын, –деді Рауан Қырымұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: