Жұма, 05 қыркүйек, 12:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Тазалық ісінде тартынбаған қызметкерлер

05.09.2025

47 0

Табиғаттың тынысын ашып, қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет. Осы тұста, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікке белсене қатысты.

Сенбілікке жиылғандар айналаның ажарын ашып, күтіп-баптау жұмысына да жұмыла кірісті. Яғни, қызметкерлер мекеме аумағындағы қоқыстарды жинап, сыпырудан сырт айналмай, су себу арқылы шаң-тозаңды да басты.

– Табиғаттың тарту етер сыйы көп. Сондықтан, оның тазалығына тат түсірмей, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету маңызды. «Тазалық – табалдырықтан басталады» деген сөз де бекер айтылмаса керек. Жан-жағың жайлы, айналаң айнадай таза болса, еркін тыныстап, бір жасап қаласың. Бала күнімізде де үй ауласын тазалауға әдеттенген едік. Сол уақыттан бері тазалық пен тәртіптің маңызын түсініп, өмірлік ұстанымым ретінде қарастырамын. Бүгін сенбілікке келіп, акция жұмысына өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын, – дейді Режим және күзет бөлімінің ақпарат және байланыс тобының әділет кіші сержанты Ақниет Қалмұратов.

Ұжым алдағы уақытта да қоғамдық пайдалы істерге атсалысуды жалғастыра бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: