Арнайы құрылған жұмысшы топ санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді.
Аралауда Қызылорда қаласы Түркістан көшесінің бойындағы «Тоғжан» сауда үйінің аумағында тазалық талаптарының сақталмауына байланысты кәсіп иесіне ескерту жасалды. Сонымен қатар, Жеңіс көшесі, №16 үй жанында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, салдарынан жаяу жүргіншілерге арналған жолға кедергі келтіріп отырғандығы анықталды.
Ал, Шаменов көшесіндегі «Айзере» дүкені маңында тұрмыстық қалдықтар шашылып, қала келбетіне нұқсан келтіруде. Кәсіп иесіне ескерту берілді.
Тазалық тәртібі баршаға ортақ. Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!