Сәрсенбі, 05 ақпан, 09:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Техникалық мамандықтардың беделін көтереміз – Премьер-министр

28.01.2025

150 0

Фото: Н.Нұржаубай

Өндірістік қуаттардың кеңеюі техникалық мамандарға деген сұранысты арттыра түседі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдердің экономикалық өсіміне түсінік берді, – деп хабарлайды KAZINFORM.

– Ірі кәсіпорындар шағын және орта бизнесті өзіне тартатын өнеркәсіптік алаңдарға айналуда, ШОБ-ты қолдау Үкімет жұмысының басымдығы болып қала беретіні анық. Өндірістік қуаттардың кеңеюі техникалық мамандарға деген сұранысты арттыра түседі. Жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіптік техникалық білім берудің сапасын және техникалық мамандықтардың беделін көтеретін боламыз. Сұранысқа ие техникалық мамандар үшін жеңілдетілген ипотекалық және арендалық тұрғын үй бағдарламалары іске қосылды, – деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылы экономика 4,8 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығында 13,7 пайыз, құрылыста — 13,1, саудада — 9,1, көлік саласында 8,5 пайыз деңгейінде өсімге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Аграрлық сектор мен өңдеуші салада соңғы 10 жыл ішіндегі ең қарқынды өсім тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: