Сәрсенбі, 09 шiлде, 21:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Темекі 12%-ға қымбаттады

09.07.2025

89 0

Фото: pixabay.com

Қазақстанда темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы 12,1% өсіп, 920 теңгеге жетті. Қаржы министрі Мәди Такиевтің бұйрығында бұл баға шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін күшінде болатыны айтылған. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр бұған дейінгі, 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 «Сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Жаңа бұйрыққа сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңгеге дейін өседі.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2035 жылға дейін темекі, алкоголь және қантты сусын бағасын 50%-ға көтеруді ұсынды. Бұл қадам халық денсаулығын жақсартуға және өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Бағаның өсуі 50 жылда 50 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қазақстанда темекі шегушілер саны артып келеді, мысалы 2024 жылы 20,7%-ға жеткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: