Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Темір торға тоғытылған әкесін жұбатқан қыздар көптің жүрегін елжіретті

08.08.2023

858 0

Әлеуметтік желіде жас қыздардың қапаста отырған әкесін жұбатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкелерін әділетсіздіктің құрбаны болды деп шырылдаған қыздар парақшаларына жантебірентерлік видео жүктеді. Бейнежазбада полиция қызметкерлері әкесін көруге келген балаларына кедергі жасап, қауыштырмай қойды. Олардың мұнысына ызаланған қыздары: “Өздеріңнің бала-шағаларың жоқ па? Бір көре салсақ нелерің кетеді? Әке емессіңдер ме, тас жүректер? Осы жасағандарың үшін жауап бересіңдер”, – дейді. 

Қауыштырмай қойғанын айтып, әкесіне шағымданған қыздар оны барынша жұбатты.

“Олар әдейі істеді. Әке, уайымдама, әлі бәрін жеңеміз. Тәуелсіз елде тәуелді болып отырмыз. Жүрегі жұмсақ, жаны жайсаң әкешім-ау, заңсыз елдің құрбаны болдың-ау. Мына мендегі “әке” деп соққан жүрегім жараланды. Кінәсіз тағылған айыпқа ішіміз удай ашиды. Сені жақсы көремін”, – деп жазба қалдырды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: