Фото: Freepik.com
Қазақстанда білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық талапкер өтініш берді. 2024 жылы 104 мыңнан астам өтініш қабылданған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Ведомствоның мәліметінше, биыл бакалавриатқа түсу үшін 77 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға бөлінген.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 2 412 грант бөлінген. Гранттар тізімінде Атырау және Маңғыстау облысы түлектеріне арналған 2 500 мақсатты білім беру гранты бар.
Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс күтіліп жатыр
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!