Фото: El.kz
Металлургтер күніне арналған концертте полиция мерекелік қарбаласта адасып кеткен 59 баланы ата-аналарына табыстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Теміртауда Металлургтер күнін тойлау аясында орталық алаңда үлкен концерт кезінде полиция қызметкерлері демалушылардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз еткен. Қала құраушы кәсіпорынның кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараларға облыстың әр қаласынан 35 мыңнан астам көрермен жиналған болатын.
Құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция дрондар мен бейнебақылау камералары сияқты заманауи техникалық құралдарды пайдаланды. Бұл кез келген туындаған жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік берді.
Адасқан балалардың ата-аналарын іздеу бойынша полицияның жұмысы ерекше назар аудартады. Кеш барысында полиция облыстың 59 кішкентай тұрғынына көпшілік арасында адасып кеткен ата-аналарын табуға көмектесті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!