Жұма, 02 қаңтар, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Теміржол өткелінде автокөлік пен тепловоз соқтығысты

02.01.2026

42 0

Фото: lada.kz

Ақтауда жеңіл автокөлік пен тепловоз соқтығысты. Оқиғаға қатысты түсініктемені Lada.kz сайтына Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген, – деп хабарлайды  kursiv.media

Апат бүгін, 2 қаңтар күні таңғы сағат 09:00-ден кейін «Гелиос» жанармай құю бекеті маңындағы теміржол өткелінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша Chevrolet маркалы автокөлікті басқарған әйел жақындап келе жатқан тепловозды байқамай, онымен соқтығысқан.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы – «Көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзып, адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке залал келтіруі» бойынша хаттама толтырылған.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, әйелдің қолы сынған. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: