Жұма, 13 қыркүйек, 22:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72 (2082)
10.09.2024
PDF мұрағаты

Теміржолшыларды марапаттады

13.09.2024

45 0

ҚТЖ басшылығының оңтүстік өңір бойынша жұмыс сапары барысында Қызылорда темір жол торабы магистралінің шаруашылықтарын тексерді.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен былтыр жөндеуден өткен Қызылорда теміржол вокзалын аралады. Объектінің санитарлық жағдайы және вокзал маңындағы аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды.
Вокзал шаруашылығы мәселелері Қызылорда теміржол торабы кәсіпорындарының басшыларымен өткен кеңесте басшылық қаралды. Әкімдіктермен бірлесіп Қызылорда облысының 6 вокзалын өңірдің мәдени мұра объектілері тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Компания басшылығы вокзал ғимараттарының тарихи келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жиналыста қауіпсіздік, жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және станцияларды дамыту мәселелері талқыланды. Қызметкерлер үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аудару тапсырылды.
Жұмыс сапары аясында компания басшылығы Қызылорда локомотив пайдалану депосы мен локомотив бригадаларының демалыс үйіне барды. Жол техникасын жөндеу, материалдарды тиеу мен түсіру жүзеге асырылатын Қызылорда жол дистанциясы өндірістік базасында еңбек жағдайлары мен жұмыстың ұйымдастырылуын тексерді. База кранмен, 6 арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құраммен, тракторлармен және т.б. автокөлікпен жабдықталған. 2024 жылы база паркі әртүрлі модификациядағы 3 жүк көлігімен толықтырылды. Қызылорда станциясындағы қалпына келтіру пойызының шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындық жағдайы тексерілді. Сондай – ақ, “Қызылорда-Семей” қатынасындағы №21\22 жолаушылар пойыздары құрылатын Белкөл станциясындағы “Жолаушылар тасымалы” – “Западный” АҚ филиалы Қызылорда учаскесінің тұрақтау паркі, және де “Қазтеміртранс” АҚ Қызылорда филиалының объектілері қаралды.
Қызылорда торабы ұжымдарымен өткен қорытынды кездесуде компания басшылығы теміржолшыларға еңбегі үшін алғыс айтып, темір жолдың 120 жылдығына орай ардагерлер мен өңірдің үздік қызметкерлерін марапаттады.

Сабырхан Сейілбекұлы
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: