Сондай-ақ банкноттарда жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы жазба болады.
«Мұндай жаңашылдық тұтынушы алдында шығарылған банкноттардың түпнұсқалығына кепілдік беру функциясын күшейту мақсатында енгізіліп отыр. Бұл тәжірибе бірқатар елде, атап айтқанда, Еуропалық одақта, сондай-ақ Англияда, АҚШ пен Сингапурда қолданылады», – делінген «Ашық НҚА» порталында.
Жарлық жобасы 24 шілдеге дейін қоғам талқысына шығарылды.
Еске салсақ, 2016 жылдан бастап теңгеге Ұлттық банк төрағасының қолы қойылмайды..
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!