Бейсенбі, 12 қыркүйек, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72 (2082)
10.09.2024
PDF мұрағаты

Теңіздей тебіренген талант

12.09.2024

89 0

Бүгін қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай «Теңіздей тебіренген талант» атты әдеби портрет өтті.
Іс-шараға №136 мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармалары – қазақ әдебиетін өркендетуге, халқымыздың рухани қазынасын байытуға қосылған бағасыз мұра. Қаламгердің теңіз тағдыры мен қарапайым балықшы өмірін астастыра байланыстырған шығармалары әлемдік деңгейде өз орнын көрсетті.
Шара барысында кейіпкердің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, мәліметтер берілді. «Қаламы қарымды жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушы шығармашылығында ерекше орны бар «Қан мен тер», «Соңғы парыз», «Курляндия» және т.б. романдарына шолу жасалып, таныстырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: