Сәрсенбі, 12 ақпан, 12:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Теңізді қалпына келтіру жобалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді

12.02.2025

9 0

Қазақстанның Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстары маңызды. Десе де оның тұрақты сақталуы үшін көрші елдермен су ресурстарын бірлесіп басқару қажет. Бұл мәселеде саяси келіссөздер мен тұрақты халықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор.


Теңізді қалпына келтіру жобалары жұмыс орындарын ашып, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде. Балық шаруашылығының дамуы, инфрақұрылымның жетілдірілуі және ауыл шаруашылығындағы субсидиялар аймақтың экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.
Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстанның 2024-2026 жылдардағы төрағалығы аясында қабылданған іс-шаралар жоспары толық іске асуы керек. Бұл – аймақтық экологиялық саясатты күшейтіп, экологиялық мәселеге халықаралық назар аудартудың тиімді құралы.
Үкіметтің Аралды қалпына келтіру бойынша жасап жатқан қадамдары – маңызды әрі нәтижелі. Алайда бұл мәселе ұзақ мерзімді, тұрақты шешімдерді талап етеді. Су ресурстарын басқаруда халықаралық серіктестік күшейтіліп, экологиялық бастамаларға инвестициялар тартылуы қажет. Сонымен қатар, климаттық өзгерістердің әсерін ескеріп, жаңа технологияларды кеңінен енгізу маңызды.

Гүлмарал Сақтапова,
Арал аудандық «Толқын» газетінің тілшісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: