Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Теңізге батып бара жатқан қыздарды құтқарды: Ақтаулық батырдың кім екені белгілі болды

29.08.2022

865 0

Ақтауда теңізге батып бара жатқан қыздарды құтқарып қалған ер адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Lada.kz порталы.

Ер адамның есімі – Александр Шарин. Ол 35 жаста, Ақтау қаласында туған. Мамандығы – есепші. Біраз жыл мамандығы бойынша жұмыс істеп, кейін жеке кәсіпкерлікке көшкен. Қазір жабдықтау және құрылыс саласында еңбек етіпжүр. Үйленген. Екі баласы бар: жеті жасар ұлы Марк және 10 жасар қызы София.

Сол күні Александр отбасымен және достарымен «Золотое солнышко» демалыс базасында демалып жүрген. Оның әйелі ер адамның сапбордқа мінгенін байқаған. Ол кезде судың ағымы күшті болды. Ер адам басқа жаққа жүріп кеткенде, қараусыз қалған сапбордқа жасөспірім қыздар отырған.

«Кенеттен бір әйел көмекке шақыра бастады. Басында қыздар жүзе алады және тақтамен сырғанай алады деп ойладым, бірақ толқын оларды алысқа алып кетті. Маған бірден қыздарды құтқару керек деген ой келді. Суға түсіп 100 метрдей ағысқа қарсы жүздім. Оларға жеткенде, тақтаға отырдым да, ескекті есе бастадым. Тақтадағы үш адамның салмағы айтарлықтай ауыр болды. Ағысқа қарсы тұру өте қиын болды. Жағалауға жете бергенде арқаннан тарта бастадым. Барлығы сәтті аяқталды», – деді ол.

Александр бұл әрекетіне мұншалықты назар аударылады деп күтпегенін мәлімдеді. Кез келген нағыз ер адам осылай жасайтынына сенім білдірді.

Александрдың әуесқой жүзгіш екенін айтты.

«Жас кезімде мен бірнеше рет суға батып кеттім. Құдіреті шексіз Құдай құтқарды, шамасы, бұл бекер емес. Мен де біреуге көмектесуім керек деп ойлаймын. Шынымды айтсам, күтпеген жағдай болды», – деп мойындады ол.

Еске сала кетейік, оқиға 21 тамыз күні кешке болған. Бір мезетте 12 мен 13 жастағы екі қыз бала су жиегінде сапборд теппек болған. Алайда, аяқ астынан жел тұрып, қыздарды теңізге қарай ығыстыра бастаған. Қыздардың бірінің анасы су жағасына жүгіріп келіп, өзі жүзе алмайтындықтан, елден көмек сұраған.

Александр қыздарды құтқарғаны үшін ата-аналары ұсынған сыйақыдан бас тартқан. Алайда, олар Александрдың ерлігін бүкіл ел білуі тиіс деп санайды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Александрды марапатқа ұсынатынын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: