Жұма, 25 шiлде, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Тиктокта жұлдыз атанған Ақмоншақ Нұртаза мектеп директорлығынан неге кетті?

24.07.2025

416 0

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде кеңінен танылған Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кететінін жариялады.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі», – деп қысқа ғана жазба қалдырған.

Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін 11-сынып түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған TikTok челленжге қатысып, желі қолданушыларының назарын аударған еді. Оның түсірген видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, челленж жеңімпазы атанып, Димаштың Лондондағы концертіне билет жеңіп алған болатын.

Мектеп директоры әлеуметтік желілерде белсенділігімен ерекшеленіп, оқушыларымен түрлі бейнероликтер түсіріп, жарнамалық контентке де араласып жүрді. Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларымен «Директормен шай» атты бейресми жоба бастаған. Алайда оның мұндай белсенділігі жұрт арасында түрлі пікір тудырды. Бірі оны «заманға сай, ашық, жаңашыл басшы» деп мақтаса, енді бірі «директор өз қызметіне лайықты салмақпен қарауы керек еді» деген сын айтты. Ақмоншақ Нұртазаның мектептен және әлеуметтік желіден бір мезетте кетуі – оның бұл пікірлерге берген жауабы ма, әлде басқа себеп бар ма – әзірге белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: