Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тіл сапасы

17.06.2023

597 0

Қазіргі таңда тіл сапасы, түйіні мен мән мағынасы жо­ғалған кезең. Жастар арасындағы әдеби сөйлеу бы­лай тұрсын, ауызекі сөйлеу стилінің бұзылуы, қате ау­дарма,  месенджердегі қателік, орыс тілімен қазақ тілінің араласуы тіл тазалығы мен сапасын төмендетуде. Қате ау­дармалар, тіл тазалығына нұқсан келтіруде. Өзге тілден енген немесе өз тіліміздегі аударманы тіке­лей аудару арқылы біз сөздің мән ма­ғынасын жоғалтқанымызды білмей де қаламыз. Тура мән-мағынасын дәл табамыз деп, туралығын айқындай алмай қалатын жайт­ көп кездеседі. Аз десеңіз месенджер­дегі қателік бар. Сөз графи­ка­сының құр­дымға ұшырауы, графи­калық түрде сөз сапасын жо­ғалтуымыз кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни сөз буынын қысқартып айтуымыз бір мы­сал. Қарапайым тұрғы­дан ал­ғанда «отырмын» деген сөз тіркесін «отырм» деп қыс­қа-нұсқа қайыра салу тіл таза­лығын сақтамаудың үлкен көрінісі.

Қаншама сөз өз ерекше­лігінен айырылып, то­лық­қанды біртұтас тілдің мәні өз деңгейінен біршама алыс­тап бара жатыр. Орыс тілі мен қазақ тілінің аралас тіл болып бара жатқаны да алаңдатпай қоймас. Өзіміз­­ді толыққанды қазақша сөй­лейміз деп айта аламыз ба?. Жоқ, әрине, сөй­леген сөзі­міздің бір бөлігі болып орыс тілінің қосымшасы қалай жалғанғанын байқамай қа­ламыз. Оған дәлел сіз бір күн бойына орыс тілін қоспай, үйдегі затқа дейін, әрбір қадамыңызға дейін сөй­леп көруге ұмтылыңызшы. Қалай қиналғанынызды ай­­тып жеткізу мүмкін бол­мас. Көрдіңіз бе? Тілді толыққанды, анық, таза сөй­леу, жазу бөлек әңгіме. Ал сөйлей білу бір ғажап. Ал сөйлеу мәнерімізге назар аударып көрейік. Қазақ тілі ұсақталып бара жатыр деп ойламайсыздар ма? Тілімізде өзге тілдің еліктеуші сөздері, көше стилінің араласуы бар­лығы қосылып бір шатқал болып жатыр. Атадан келе жатқан «көне» сөздеріміз қазір қайда,  Тек кітапта ма?

Тіпті рухани, сауатты, байырғы сөзді айтуға жас­тарымыздың тілі келмес. Айт­қым келетін ойымның түйіні біз – жастар, тілімізді құр­меттейік, дәріптейік. Сөй­легенімізге риза болмай, қалай сөйлеп жатқанымызға мән берейік. Бауыржан Момышұлы атамыз айта кеткендей:   «Өз тілінің сұлу­лығын сезінбей жатып, өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай »

Расында, өзге тілге бет бұрмас бұрын өз тілінің таза­лығына мән беріп, өз тілінің қадір қасиетіне толық көңіл бөлген жөн. Болашақ біздің қолымызда.

Айдана БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: