Жұма, 08 қараша, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Тілсіз жаудан сақ болайық

09.09.2023

709 0

Өрт – салғырттықты көтермейтін, лезде айналасын қызыл жалынға орайтын тілсіз жау. Абайламаса талай адам опат болуы мүмкін. Сондықтан да барынша сақтанған жөн. Әсіресе балалар көп шоғырланған жерлерді қатаң бақылауға ұстаған ләзім. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі туралы тақырып қозғалды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымы басталмас бұрын адам өмірі мен денсаулығын мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша іс-шаралар өткізеді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Толығырақ облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков тарқатты.
– Департаменттің жоғары тәуекел дәрежесіне 996 білім беру ұйымының объектісі есепке алынды. Оның ішінде 2023 жылдың 1-жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес 195 объектіге өрт қауіпсіздігі саласында тексеру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 1 709 бұзушылық анықталды. Бақылау барысында 33 бұзушылық жойылмағаны анықталды, осыған сәйкес 11 заңды тұлғаға айыппұл салынды, – деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.
Білім беру объектілеріндегі өзекті мәселенің бірі – бу қазандықтарының оқыту ғимарттарының ішінде немесе жапсарлас орналасуы. Қазіргі таңда облыс бойынша мұндай 12 объекті есепке алынған.
Басқарма бастығы өрттен барынша абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тілсіз жауға салғырт қарамауға шақырды.
«Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: