Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Тісін жұтып қойған бала үш клиникалық өлімнен кейін аман қалды

13.06.2024

699 0

Сурет:pixabay.com

Тісін жұтып қойған сәби үш клиникалық өлімнен кейін аман қалды, – деп хабарлайды «Ақ Жайық» .

11 маусым күні кешкі сағат 19:23-те «103» пультіне кішкентай бала қақалып жатқаны жөнінде шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минут ішінде жеткен кезде 2019 жылы туған бала ес-түссіз жатқан. 

«Балада пульс жоқ, дем алысы жоқ, жатты. Әкесінің айтуынша, 10 минут бұрын астыңғы күрек тісі түсіп, байқаусызда сол тісті жұтып қақалып қалған. Әкесі жедел-жәрдем бригадасы келгенше өздігінен жүрек-өкпе реанимациясын  жасағанымен сәтсіз аяқталған. Фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Айбек Жеңісов реанимациялық шараға кірісіп, барлық апараттарды дайындап кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын бастады. 3 цикл жасағаннан кейін балада тіршілік нышаны пайда болды», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім САБЫРОВА.

Реанимациядан кейін де балада кері клиникалық өлім белгісі байқалып, қайтып жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырған. Жедел-жәрдем автокөлігінің ішінде ауруханаға жеткенше үш рет жүрегі тоқтап, реанимация сәтті болып, ауыр жағдайда Атырау облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бала жансақтау бөлімінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: